
Байжанов Ерлан Ербуланұлы
Қостанай облысы Беимбет Майлин ауданының прокуроры
Өмірбаян
Байжанов Ерлан Ербуланұлы 1985 жылы 1 қыркүйекте туған, Қостанай облысы Сарыкөл ауданының тумасы.
2008 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын прокуратура органдарында 2009 жылғы желтоқсаннан бастап Қостанай облысы Денисов ауданы прокурорының көмекшісі болып бастады , 2012 жылғы маусымнан 2015 жылғы тамызға дейін Қостанай облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының аға көмекшісі , 2015 жылғы тамыздан 2019 жылғы мамырға дейін Қостанай облысы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры , 2019 жылғы мамыр айынан бастап бастады 2022 жылдың қазан айына дейін Қостанай облысы, Қарабалық ауданы прокурорының орынбасары.
2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы желтоқсанға дейін Қостанай облысы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау Басқармасы облыс прокурорының көмекшісі.
2023 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы мамырға дейін Қостанай облысы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау Басқармасы облыс прокурорының аға көмекшісі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 19 мамырдағы бұйрығымен Бейімбет Майлин ауданының прокуроры болып тағайындалды.
Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 15 жылдан асады.
Сынып дәрежесі-әділет кеңесшісі.





