
Исагулов Алмат Серикбаевич
Қарабалық ауданының прокуроры
Өмірбаян
Исагулов Алмат Серикбаевич
Қарабалық ауданының прокуроры
Жалпы ақпарат, білімі
Исагулов Алмат Серикбаевич 1978 жылы 01 қаңтарда Қостанай облысы Рудный қаласының Качар ауылында дүниеге келді.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2000 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.
Мансап
Қостанай облысы Қарабалық ауданы прокурорының орынбасары (2007-2009 жж.), Қостанай қаласы прокурорының орынбасары (2009–2010 жж.), Қостанай облысы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы (2010-2012 жж.), Қостанай облысы Әулиекөл ауданының прокуроры (2012-2015 жж.), Қостанай облысы Рудный қаласының прокуроры (2015–2018 жж.), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қылмыстық қудалау қызметінің жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының Бас Прокурор көмекшісі (2018ж.), Қостанай облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының бастығы (2018-2020 жж.) қызметтерін атқарған.
Осы тағайындауға дейін 2021 жылдан бастап Қостанай қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.
Еңбек өтілі – 25 жыл.
Сыныптық шен - аға әділет кеңесшісі





