
Оразбаев Мұхамеджан Ділдәбекұлы
Ұлан ауданының прокуроры
Өмірбаян
Оразбаев Мұхамеджан Ділдәбекұлы, 9 ақпан 1991 жылы туған. Білім жоғары, 2011 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «құқықтану» , 2020 жылы Қазақ гуманитарлық-құқықтық инновациялық университетінің «экономика және бизнес», 2020 жылы Қазақ гуманитарлық-құқықтық инновациялық университетінің магистратурасын "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын ШҚО Үржар ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Кейіннен ШҚО облысы түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі маманданған прокурордың көмекшісі, Өскемен қаласы прокурорының ЖІҚ және сотқа дейінгі іс жүргізу заңдылығын қадағалау бөлімінің көмекшісі, Өскемен қаласы прокуратурасының сот актілерінің заңдылығын қадағалау және әкімшілік және азаматтық істер бойынша атқарушылық іс жүргізу бөлімінің аға прокуроры, ШҚО прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының прокуроры, ШҚО прокуратурасының қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, ШҚО прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры, облыс прокурорының аға көмекшісі, ШҚО прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.
2025 жылғы желтоқсаннан бастап Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының прокуроры болып тағайындалды.





