
Кузбаев Мейрам Жаксылыкович
прокурор Аулиекольского района Костанайской области
Өмірбаян
Кузбаев Мейрам Жаксылыкович
Әулиекөл ауданының прокуроры
Жалпы ақпарат
Кузбаев М.Ж. 07 қараша 1981 жылы Қостанай облысы Сарыкөл ауданында туған.
Мансап
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2003 жылы Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.
Қостанай облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы (2014-2017 жж.), Қостанай облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасы бастығының орынбасары (2017–2019 жж.), Қостанай облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының бастығы (2019–2020 жж.), Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының прокуроры (2020–2022 жж.) қызметтерін атқарған.
Осы тағайындауға дейін 2022 жылдан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданының прокуроры қызметін атқарды.
Еңбек өтілі - 20 жыл.





