Рыспаев Ержан Ерболұлы

    ШҚО маманданған табиғат қорғау прокуроры

    Өмірбаян

    Рыспаев Ержан Ерболұлы 1988 жылғы 31 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2009 жылы Қостанай қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокурор көмекшісі қызметінен бастаған. Кейін Қостанай қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің аға прокурор көмекшісі қызметін атқарған.

    2014 жылдан бастап еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры лауазымында жалғастырған.

    Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры қызметін атқарған.

    2018 жылы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы болып тағайындалған.

    Кейін Шығыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарған.

    2021 жылғы 20 сәуірден 2023 жылғы маусымға дейін Катонқарағай ауданының прокуроры, 2023 жылғы маусымнан 2026 қыркүйегіне дейін Алтай ауданының прокуроры болған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері