Нұрлыбаев Болатбек Қалиұлы

    Талсуат ауылдық округінің әкімі

    Нұрлыбаев Болатбек Қалиұлы
    Аким

    Нұрлыбаев Болатбек Қалиұлы

    Талсуат ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Нұрлыбаев Болатбек Қалиұлы 1957 жылы 3 қарашада Қызылорда облысы Жалагаш ауданы, Аққұм ауылында дүниеге келген.Ұлты қазақ, білімі –жоғары.

    1964 жылы осы ауылдағы № 38 орта мектепке қабылданып, оны 1974 жылы жақсы бағамен бітірген.

    1974-1977 жылдары Қызылорда политехникумында оқып, «гидромелиоративтік жұмыстарды механикаландыру» факультетін бітіріп, техник – механик мамандығын алып шыққан.

    1977 – 1979 жылдары мемлекеттік жолдамамен «ҚызылыордаВод Строй» трестіне қарасты Тереңөзек ауданында ПМК – 15 мекемесінде слесарь болып еңбек жолын бастаған.

    1979 жылы Қызылорда қаласында қазақ күріш ғылыми – зерттеу институтында инженер болып қызмет атқарған.

    1979 жылдың 1 қазанынан бастап «Казгипросельхоз» аумақтық мемлекеттік жобалау институтының Қызылорда бөлімшесіне инженер – технолог болып қызметке ауысқан. Осы мекемеде 1989 жылға дейін аға инженер, жетекші инженер, бас маман, топ басшысы болып жұмыс істеген.

    1989 жылы осы «Казгипросельхоз» жобалау институты облыстық ауылшаруашылығы басқармасына қарасты «Қызылордаагропромпроект»жоабалау интитуты болып қайта құрылған, сол кезде осы мекемеде топ басшысы болып қызметін жалғастырған.

    1986 – 1992 жылдары өндірістен қол үзбей, Ы. Жақаев атындағы Қызылорда агроөндірістік инженерлері институтында оқып жоғары білім алып, инженер – құрылыс факультетін бітірген.

    1992 – 1997 жылдар аралығында «Қызылордаагропромпроект» жобалау институтының бас инженері болған, директордың орынбасары қызметтерін қоса атқарған.

    2000 – 2003 жылдары «Қазахавтодор» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облыстық филиалында бас инженер болып қызмет атқарған.

    2003 жылы «Дострой» ЖШС – нің құрамында аға инженер болып «Қызылорда –Жезқазған» автожолын қайта құрылымдау жобасына қатысқан.

    2004 – 2012 жылдары «Мемсараптама» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Қызылорда мемсараптама» еншілес кәсіпорнының директоры қызметін атқарған.

    2012 – 2014 жылдары қайта құрылған «Мемсараптама» РМК-ның Қызылорда облыстық филиалының директоры қызметін атқарған.

    2014 – 2015 жылдары «Мемсараптама» РМК-ның Қостанай облыстық филиалының директоры қызметін атқарды.

    2015 жылы «Қызылорда Жоба Құрылыс» ЖШС – нің директорының жобалау жұмыстары бойынша орынбасары болып жұмыс атқарған.

    2015 – 2016 жылдары Қызылорда мұнай өңдеу зауытында құрылыс бөлімінің басшысы және өндірістік–техникалық бөлімі басшысы қызметтерін қоса атқарған.

    Қызмет барысында:

    2006 жылы Қазақстан Республикасының құрылыс істері және ТКШ комитетінің алғыс хатымен;

    2007 жылы Қазақстан Республикасының құрылыс істері және ТКШ комитетінің мақтау грамотасымен;

    2010 жылы Қызылорда облысы әкімінің мақтау грамотасымен;

    2010 жылы Қазақстан Республикасының құрылыс істері және ТКШ Агентігінің мақтау грамотасымен;

    2010 – 2012 жылдары Қазалы, Жалағаш, Шиелі аудандарының және Қызылорда қаласы әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған;

    2011 жылы Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы атағы берілді;

    2015 жылы Қазақстанның таңдаулы құрылысшыларына арнайы шыққан «Құрмет кітабына» есімі енгізілді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері