
Бердібаев Ерлан Құлахметұлы
Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1963 жылы 13 мамырда Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
1984 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бухгалтерлік есеп және шаруашылық жұмысын талдау мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1984 жылы Жаңақорған аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекторы ретінде бастаған.
1986-1987 жылдары – Жаңақорған аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисі;
1987-1989 жылдары - Жаңақорған ауданының Кеңес ауылында №239 орта мектеп мұғалімі;
1989-1992 жылдары - Жаңақорған ауданының "Талап" кеңшарының аға экономисі;
1992-1996 жылдары - Жаңақорған ауданы әкімшілігі жанындағы экономикалық комитеттің бөлім меңгерушісі; қаржы бақылау комитетінің аға бақылаушысы, тексерушісі лауазымдарын атқарған;
1996-1998 жылдары – Қызылорда облыстық қаржы комитетінің аға бақылаушысы-тексерушісі;
1998-2009 жылдары - Облыстық салық полициясында жұмыс жасады;
2010-2014 жылдары - "Болашақ-Шиелі" оқу орталығының директоры және геологиялық зерттеу экспедициясының №23 учаске бастығы лауазымдарын атқарған;
2014-2015 жылдары - "Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ басшысы, Қызылорда;
2015-2017 жылдары - "Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" КММ басшысы;
2017-2019 жылдары -"Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі әкімшілік -құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;
2019 жылдың 1 шілдесінен бастап қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.





