
Өмірбаян
Сыздықов Семсер Зұлпыхарұлы 1987 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
2009 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "Қаржы"мамандығы бойынша бітірген.;
2011 жылы-Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, "Экономика және бизнес"магистрі.
Еңбек жолын 2009 жылы "ECOFOOD COMPANY" ЖК бастығы болып бастады.;
2013-2014 жж. - Қызылорда қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы;
2014-2016 жж. - Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы;
2016-2019 жж. - Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарымен байланыс бөлімінің басшысы;
2019-2020 жж. - Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ басшысы;
2020 жылғы 16 қыркүйекте Тасбөгет кентінің әкімі болып сайланды.





