
Бақбергенов Рүстембек Өтепбекұлы
Жалағаш ауданы прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Бақбергенов Рустембек Өтембекұлы 1983 жылғы 21 қаңтарда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.
Білімі: 2001–2005 жж. – Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университеті; 2007–2009 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (заңгер мамандығы).
Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда облысының прокуратура органдарында бастаған, Қазалы аудандық прокуратурасында қызмет атқарған.
Әр жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының аға прокуроры, Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім аға прокуроры, Қызылорда облыстық прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры қызметтерін атқарған.
2022 жылғы 15 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Жалағаш ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқаруда.





