
Гичиев Зураб Русланұлы
Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Гичиев Зураб Русланұлы 1984 жылғы 5 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2001–2005 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007–2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алып, магистр дәрежесін алған.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2010 жылы Қызылорда қаласының прокуратурасында бастаған.
Әр жылдары Қызылорда қаласының прокуратурасында бөлім прокуроры, аға прокурор, бөлім бастығы, Қызылорда облысының прокуратурасында басқарма прокуроры, сондай-ақ Арал ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2021–2024 жылдары Қызылорда облысының прокуратурасында басқарма прокуроры қызметін атқарған.
2024 жылғы 21 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 16 жылдан астам.





