Акбердиева Жазира Нурмахыметовна

    Қаржы департаментінің директоры

    Акбердиева Жазира Нурмахыметовна
    Директор

    Акбердиева Жазира Нурмахыметовна

    Қаржы департаментінің директоры

    Өмірбаян

    1981 жылы 31 тамызда дүниеге келген

    Экономикалық және құқықтық білімі бар.

    Еңбек жолын 2001 жылы ҚР ҚМ Астана қаласының Қазынашылық департаментінде жетекші қазынашы болып бастаған.

    Әр жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация, байланыс және ақпарат министрліктерінің қаржы бөлімшелерінде бас сарапшы болып жұмыс істеді.

    2013 жылдан Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік активтерді бюджеттік жоспарлау және мониторингілеу басқармасының басшысы;

    2014 жылдан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік және коммуникациялар саласындағы бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы;

    2017 жылдан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің активтерді басқару департаменті директорының орынбасары;

    2020 жылдан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Ішкі аудит департаменті директорының орынбасары;

    2023 жылдан-Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры.

    2024 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қаржы департаментінің директоры.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері