
Нурлыбаев Руслан Нурлыбаевич
Аудан прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Нұрлыбаев Руслан Нұрлыбаевұлы 1982 жылғы 26 тамызда Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген.
1999–2003 жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2004 жылғы 20 мамырдан 2012 жылғы 2 мамырға дейін Арал аудандық сотында бас маман қызметін атқарған.
2013 жылғы 19 қазаннан 2018 жылғы 30 наурызға дейін Арал ауданы прокурорының көмекшісі қызметін атқарған.
2018 жылғы 30 наурыздан 1 маусымға дейін Жалағаш ауданы прокуратурасының аға прокуроры болып жұмыс істеген.
2018 жылғы 1 маусымнан 2021 жылғы 18 қаңтарға дейін Арал ауданы прокуратурасының прокуроры қызметін атқарған.
2021 жылғы 18 қаңтардан 22 ақпанға дейін Қызылорда облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры қызметін атқарған.
2021 жылғы 22 ақпаннан 2024 жылғы 17 маусымға дейін Арал ауданы прокуратурасының прокуроры қызметін атқарған.
2024 жылғы 18 маусымнан бастап Арал ауданы прокуратурасы прокурорының орынбасары қызметін атқарып келеді.





