
Алмаханов Ерлан Сарсенбайұлы
Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Алмаханов Ерлан Сарсенбайұлы 31.08.1988ж. Қызылорда облысы, Сұлутөбе ауылдық округінде дүниеге келген.
2006-2010 жылдар аралығында ҚР Ішкі Істер Министрлігінің Алматы Академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітірген.
Құқық қорғау органдарындағы қызметін 2010 жылы Қызылорда облысы Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуші болып бастаған.
2010-2018 жылдар аралығында Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуші, аға тергеуші қызметтерін атқарған.
Прокуратура органдарында 2018 жылдан бастап қызмет атқаруда.
2018 жылы Қызылорда қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің прокуроры;
2018-2019 жылдары Қызылорда облысы прокурорының көмекшісі (арнайы прокурор);
2019-2021 жылдары Қызылорда облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры;
2021-2022 жылдары Қызылорда облысы Жалағаш ауданы прокурорының орынбасары;
2022-2025 жылдары Қызылорда облыстық прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының талдау тобының аға прокуроры лауазымдарында қызмет атқарған.
17 қаңтар 2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқаруда.

