
Боранбаев Нұржан Қанайұлы
Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Боранбаев Нұржан Қанайұлы 1976 жылы сол кездегі Шымкент облысы, Шардара қаласында дүниеге келген.
1993-1997 ж. ж. аралығында Түркістан қаласында Х. А. Ясави университетінде оқып бітіріп, прокуратура органдарында 2000 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет атқаруда.
Қызметін Тараз қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастап, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, ОҚО прокуратурасының басқарма бастығы, Махтаарал ауданының прокуроры, Сарыағаш ауданының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының халықаралық қатынастар жөніндегі аға көмекшісі, Бас прокуратурасының басқарма прокуроры, Түркістан облысы прокуратурасының басқарма бастығы қызметін атқарған. 2023 жылдың сәуір айынан бастап Тараз қаласы прокуроры қызметін, 2026 жылдың 3-ші сәуірінен Мағыстау облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Екі рет ҚР Президенті медальдарымен және бірнеше рет Прокуратура органдарының төс белгілерімен мараппатталған. Прокуратура органдарының құрметті қызметкері атағы берілген.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі, прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 26 жыл.



