
Спан Жандарбек Қуанышұлы
Маңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасары
Өмірбаян
Ж.Қ.Спан 1981 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2002 жылы Орталық-азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Жандарбек Қуанышұлы Спан прокуратура органдарындағы жалпы жұмыс өтілі 20 жылдан астам.
Прокуратура органдарында жұмысын 2007 жылы Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі болып бастап, Ақтау қаласы прокурорының аға көмекшісі, Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Жаңаөзен қаласы прокурорының орынбасары, ҚР Бас прокуратурасында басқарма прокуроры, басқарма аға прокуроры лауазымында, Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, облыс прокурорының аға көмекшісі, басқарма бастығы, Бас Әскери прокуратурасы Ақтөбе гарнизонының әскери прокуроры, Ақтөбе қаласы прокурорының орынбасары, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі, халықаралық ынтымақтастық бойынша аға көмекшісі лауазымдарында қызмет атқарған.
2024 жылдан қазіргі таңға дейін Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарып келді.
ҚР Бас Прокурорының 2025 жылдың 11 қарашадағы 179\6 бұйрығымен Жандарбек Қуанышұлы Спан Маңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.


