
Карманов Алтынбек Ерболатұлы
Қаратау ауданы прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Алтынбек Ерболатұлы Карманов 1993 жылы 10 желтоқсанда Павлодар облысы Шарбақты ауданында дүниеге келген.
2015 жылы С. Торайғырова атындағы Павлодар мемлекеттік университетін мамандығы "Құқықтану" бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2017 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданының полиция бөлімінің ішкі істер органдарында тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымынан бастаған. Кейіннен Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуратурасында бөлім прокуроры, Павлодар облысы қылмыстық қудалау және сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының прокуроры, Екібастұз қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау және сотқа дейінгі тергеп-тексеру бөлімінің бастығы, Абай облысы басқармасының прокуроры және Абай облысы Семей қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау және сотқа дейінгі тергеп-тексеру бөлімінің бастығы болып қызмет атқарады.
2025 жылдың қыркүйегінен бастап Қаратау ауданы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
А. Е. Кармановтың құқық қорғау қызметіндегі еңбек өтілі 8 жыл, прокуратура органдарында 6 жыл.
Сыныптық дәрежесі: 1-сыныпты заңгер





