
Келесов Еркін Егембердіұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Өмірбаян
1964 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
Шымкент кәсіптік училищесін «өнеркәсіп кәсіпорнының бухгалтері» мамандығы және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл облысы бойынша салық инспекциясында аға салық инспекторы болып бастаған.
2016-2022 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
2022-2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
2023 жылдың 9 тамызынан 20 желтоқсанына дейін Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.
2023 жылдың 20 желтоқсанынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
