Муканбеткалиев Арман Алтаевич

    Атырау облысы прокурорының орынбасары

    Муканбеткалиев Арман Алтаевич
    Прокурор орынбасары

    Муканбеткалиев Арман Алтаевич

    Атырау облысы прокурорының орынбасары

    Өмірбаян

    1979 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1996 жылы Саратов мемлекеттік құқық академиясына «Құқықтану» мамандығы бойынша күндізгі бөлімге қабылданды, 2001 жылы бітірді. 2001-2003 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша аралас бөлімде оқыды. 2007 жылы Ресей Федерациясының Саратов қаласындағы Саратов мемлекеттік құқық академиясының аспирантурасына түсті, оны аяқтағаннан кейін 2012 жылы диссертациясын қорғады және оған құқық ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде нострификациядан өтті, кеңес шешімімен құқықтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

    Прокуратура органдарында 2001 жылдан қызмет етеді.

    10.08.2001ж. Батыс Қазақстан облысы прокурорының бұйрығымен прокуратура органдарына қабылданып, Орал қаласы прокурорының көмекшісі, Орал қаласы прокурорының аға көмекшісі, БҚО прокуратурасы басқармасының прокуроры, БҚО прокуратурасы басқармасының аға прокуроры, БҚО прокуратурасы басқармасы бастығының орынбасары, Орал қаласы прокурорының орынбасары, БҚО прокуратурасы басқармасының бастығы, Батыс өңірлік көлік прокуратурасының Орал көлік прокуроры, Атырау көлік прокуроры қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында ректордың көмекшісі лауазымында қызмет атқарды.

    Осы тағайындауға дейін Атырау облысы прокуратурасының басқарма бастығы лауазымында болды.

    Сыныптық шені - аға-әділет кеңесшісі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері