Килымжанов Елдос Токтасынұлы

    Атырау облысы прокурорының бірінші орынбасары

    Килымжанов Елдос Токтасынұлы
    Қызметкерлер

    Килымжанов Елдос Токтасынұлы

    Атырау облысы прокурорының бірінші орынбасары

    Өмірбаян

    15 наурыз 1977 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет атқарып келеді.

    Еңбек жолында Алматы облысының Ұйғыр және Талғар аудандары прокуратураларында көмекші, аға көмекші қызметтерін атқарған. Алматы қаласының Медеу және Алатау аудандары прокурорының орынбасары, Алмалы ауданының прокуроры, Оңтүстік-Шығыс аумақтық көлік прокурорының көмекшісі, Астана қаласының көлік прокуроры, Есіл ауданы прокурорының орынбасары, сондай-ақ Астана қаласы прокурорының орынбасары лауазымдарында болған.

    2021–2023 жылдары — Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары.
    2023–2025 жылдары — Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі бастығының орынбасары.

    2025 жылдың 30 қазаннан бастап Атырау облысы прокурорының бірінші орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері