Надыров Камалжан Талғатұлы

    Басқарма төрағасы,"Астана медицина университеті"КЕАҚ ректор

    Председатель Правления

    Надыров Камалжан Талғатұлы

    Басқарма төрағасы,"Астана медицина университеті"КЕАҚ ректор

    Өмірбаян

    Надыров Камалжан Талғатұлы

    Білімі: жоғары медициналық, жоғары экономикалық.

    "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА), "Бизнес әкімшілендіру" (EMBA) мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі.

    29.09.2009 - 05.06.2014 - Алматы қаласы, "Академик Б.У.Джарбусынов атындағы урология ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК, ұйымдастыру-әдістемелік, құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру-экономикалық мәселелер жөніндегі директор орынбасарының міндетін атқарушы, ұйымдастыру-экономикалық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, әкімшілік-экономикалық қызмет жөніндегі бас директор.

    06.06.2014 - 30.11.2015 - Астана қаласы, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі, стратегиялық даму департаментінің директоры орынбасары міндетін атқарушы, медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары м.а., медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары.

    02.12.2015-18.05.2017 - Астана қаласы, «UNIVERSITY MEDICAL CENTER» корпоративтік қорының медициналық көмек сараптамасы департаменті директорының міндетін атқарушы, «UNIVERSITY MEDICAL CENTER» корпоративтік қоры Республикалық диагностикалық орталығы филиалының әкімшілік-қаржы мәселелері жөніндегі директоры, «UNIVERSITY MEDICAL CENTER» корпоративтік қоры Республикалық диагностикалық орталығы филиалының директоры.

    19.05.2017- 27.03.2019 - Астана қаласы, «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы, «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы, «Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы.

    27.03.2019-21.04.2020 - Астана қаласы, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі.

    01.06.2020-19.10.2020 - Алматы қаласы, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы.

    17.02.2021-11.11.2021 – Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Басқарма Төрағасы.

    12.11.2021 - «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері