
Сагандыков Рамиль Нигметчанович
Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының басшысы
Өмірбаян
1967 жылы 26 наурызда, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында дүниеге келген.
Білімі:
1991 жыл - Семей зоотехникалық-ветеринарлық институты, мал дәрігері.
2014 жыл - Қазақ гуманитарлық - заң инновациялық университеті, заңгер.
30.06.1984-28.08.1984 ж.ж. - Семей облысы, Көкпекті ауданы, «Чигилек» совхозының № 3 ферма жұмысшысы.
22.08.1984-30.05.1985 ж.ж. - Семей зоотехникалық -ветеринарлық институтының студенті, Семей облысы, Семей қаласы.
30.05.1985-30.05.1987 ж.ж. – Владивосток қаласы, Совет Армиясының қатарында қызмет.
28.08.1987-28.06.1991 ж.ж. - Семей зоотехникалық -ветеринарлық институтының студенті, Семей облысы, Семей қаласы.
01.08.1991-25.07.1994 ж.ж. - Семей облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы, "Чигилек" совхозы, № 3 ферманың мал дәрігері.
25.07.1994-13.06.1995 ж.ж. - Семей облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы, "Шегелек" АҚ, № 3 ферманың басқарушысы.
13.06.1995-13.12.1997 ж.ж. – Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы, "Шегелек" АҚ бас мал дәрігері.
13.12.1997-21.03.1998 ж.ж. – Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы, "Шегелек" ЖШС бас мал дәрігері.
22.03.1998-06.10.1998 ж.ж. – Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы, "Шегелек LTD" ЖШС директорының бірінші орынбасары.
06.10.1998-07.06.2010 ж.ж. – Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Үлкенбөкен ауылы, "Шегелек LTD" ЖШС директоры.
11.06.2010-10.08.2010 ж.ж.- Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданының Үлкенбөкен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, Үлкенбөкен ауылы.
10.08.2010-23.08.2011 ж.ж. - Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданының Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі, Үлкенбөкен ауылы.
23.08.2011-12.05.2015 ж.ж. – Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары, Көкпекті ауылы.
12.05.2015-18.04.2018 ж.ж. - Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданының әкімі, Көкпекті ауылы.
19.04.2018 осы уақытқа дейiн Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы, Өскемен қаласы.





