
Абдрахманов Ербол Оразбекович
ШҚО ветеринария басқармасының «Бесқарағай-Вет» ШЖҚ КМК-нің директоры.
Өмірбаян
1987 жылы 19 ақпанда Бесқарағай ауданы, Ново-Николаевка ауылында дүниеге келдім. Осы ауылда Нұрлыбек Баймуратов атындағы орта мектептің 1993 жылы 1 қыркүйекте 1 сыныбына бардым. Мектепті 2004 жылы бітірдім. Сол жылы Семей қаласындағы “Шәкәрім атындағы” мемлекетік университетіне ветеринарлық- санитарлық мамандығына түстім.
Оқуды 2009 жылы бітірдім, 2009 жылы Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылындағы жұмыспен қамту бөліміне тізіміне тұрдым.
2010 жылы 1 маусымында Бесқарағай ауданы “Баскөл ауылдық округ әкімшілік аппараты ”мемлекеттік мекемесінде бас маман – бас мал дәрігері жұмысына орналастым. 2013 жылы 2 қыркүйектен басқа жұмысқа орналасуына байланысты өз еркімен өтініш жазып жұмыстан босатылдым.
2013 жылғы 02 қыркүйектен «Бесқарғай ауданы ауылшаруашылығы бөлімі» мм-ң ветеринария секторының бас маманы.
2015 жылғы 20 наурыздан «Бесқарғай ауданы ветеринария бөлімі»мм-ң басшысы.
2020 жылғы 27 наурыздан бастап ҚР АШМ ВБжҚК Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветериналық санитарлық инспектор бас маманы.
2020 жылғы 06 мамырдан ШҚО ветеринария басқармасының «Бесқарағай-Вет» ШЖҚ КМК директоры.





