
Уражанов Талғат Болатұлы
Шымкент қаласы прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Талғат Болатұлы Уражанов 1981 жылы туылған. Білімі жоғары, «Әділет» құқық мектебін бітірген.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Әр жылдары Алматы қаласының прокуратурасында, Бас көлік прокуратурасында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Оның ішінде Алматы қаласы Алатау ауданының, мамандандырылған табиғат қорғау және авиациялық көлік прокуратураларының прокуроры болды.
2025 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуроры қызметін атқарып келді.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 14 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Талғат Болатұлы Уражанов Шымкент қаласы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі - 21 жыл 11 ай.
Сыныптық шені: аға әділет кеңесшісі.



