Нұрғали Жомарт Нұрғалиұлы

    Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары

    Нұрғали Жомарт Нұрғалиұлы
    Первый заместитель прокурора

    Нұрғали Жомарт Нұрғалиұлы

    Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары

    Өмірбаян

    Нұрғали Жомарт Нұрғалиұлы 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туылған,

    1999 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік Университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Жұмысын Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында 2000 жылы бастап, Түлкібас ауданы прокурорының көмекшісі, Шымкент қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры, аға прокуроры, облыс прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында Бас Прокурор Аппаратының Басқарма прокуроры, аға прокуроры лауазымдарында болған. Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Басқарма бастығы - Аппарат Басшысы, Кентау қаласының, Абай және Сарыағаш аудандарының прокуроры, Түркістан облысы прокурорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

    03.10.2023 жылдан бастап Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымын атқаруда.

    Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі - 25 жыл.

    Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі. Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» Орденімен марапатталған, «Прокуратураның құрметті қызметкері» және ІІ дәрежелі «Прокуратура үздігі» төсбелгілері бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері