ОҢАЛБАЕВ Оңталап Серікбайұлы

    Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    ОҢАЛБАЕВ Оңталап Серікбайұлы
    Посол

    ОҢАЛБАЕВ Оңталап Серікбайұлы

    Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Өмірбаян

    Оңталап Серікбайұлы Оңалбаев – Қазақстанның Ирандағы Елшісі

    1966 жылы 6 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

    Еңбек жолын 1986 жылы Қызылорда облысындағы Энгельс атындағы совхозда жұмысшы ретінде бастаған.

    Атқарған қызметтері:

    Дипломатиялық қызметін 1994 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде референт лауазымынан бастады.

    1995-1997 жылдары ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің атташесі болды.

    1997-2001 жылдар аралығында Қазақстанның Ирандағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы болды.

    2001-2003 жылдары СІМ Орталық аппаратында Ақпарат және талдау басқармасының, Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің екінші, бірінші хатшысы және Консулдық қызмет департаментінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.

    2003-2009 жылдары Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінің бірінші хатшысы және Қазақстанның Ирандағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі болды.

    2009-2011 жылдары Азия және Африка департаменті басқармасының басшысы.

    2011-2012 жылдары Қазақстанның Ирандағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі болып жұмыс істеді.

    2012-2018 жылдары Горган қаласындағы (Иран) ҚР Бас консулы қызметін атқарды.

    2018-2019 жылдары ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті Таяу Шығыс, Азия және Африка басқармасының басшысы болды.

    2019-2022 жылдар аралығында ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары және Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры болды.

    2022 жылдың тамыз айынан қазан айына дейін ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

    Қазақстанның Ирандағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2022 жылдың қазан айынан бастап ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарды.

    II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.

    Парсы және ағылшын тілдерін меңгерген.