Қуантыров Әлібек Сакенұлы

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

    Қуантыров Әлібек Сакенұлы
    Заместитель министра

    Қуантыров Әлібек Сакенұлы

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

    Өмірбаян

    1983 жылғы 14 қарашада Атырау қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Томск мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» және «Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» мамандықтары бойынша бітірген. 2010 жылы Мичиган университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша қолданбалы экономика магистрі дәрежесін алды.

    Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінің, Халықаралық қатынастар департаментінің жетекші маманы ретінде бастады. 2006 жылдан 2010 жылға дейін ҚР ЭБЖМ және ЭДСМ Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінде сарапшы және бас сарапшы болып жұмыс істеді.

    2010 жылдан бастап ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Стратегиялық әзірлемелер басқармасының бастығы және ҚР Қаржы министрлігінде Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

    2013 жылғы ақпанда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары, ал 2013 жылғы маусымнан 2019 жылғы сәуірге дейін Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды.

    2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың ақпанына дейін ҚР Тұңғыш Президенті Кеңсесінің талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

    2021 жылғы ақпанда Ұлттық экономика вице-министрі, ал 2022 жылғы қаңтардан 2024 жылғы ақпанға дейін ҚР Ұлттық экономика министрі болды.

    Басқа лауазымдар:
    – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (11.01.2022-06.02.2024).
    – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (04.02.2022 - 06.02.2024).
    – «Астана» халықаралық қаржы орталығы» Басқарма кеңесінің мүшесі (11.01.2022-06.02.2024);
    – «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (11.01.2022 - 06.02.2024).
    – «Экономикалық зерттеулер институты (ERI)» Директорлар кеңесінің төрағасы (11.01.2022 - 06.02.2024).

    Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін 2024 жылдың сәуірінен бастап «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры болды.

    Ағылшын, испан және неміс тілдерін меңгерген.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері