
Арман Асқарұлы Исетов
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Өмірбаян
1975 жылғы 17 желтоқсанда Қостанай облысында туған.
1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық құқық факультетін бітірген.
1998-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шарт-құқықтық департаментінің референті, атташесі.
2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаментінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі.
2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаментінің бөлім басшысы.
2004-2008 жж. – Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің (Нью-Йорк қ.) бірінші хатшысы.
2008-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің басқарма басшысы.
2009-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары.
2012-2018 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаментінің директоры.
2018-2022 жж. – Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары (Нью-Йорк қ.).
2022-2025 жж. – Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2025 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары.
Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Үйленген, төрт баласы бар.





