Абишаев Расул Жұмабекұлы

    Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы

    Абишаев Расул Жұмабекұлы
    Аппарат басшысы

    Абишаев Расул Жұмабекұлы

    Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    Абишаев Расул Жұмабекұлы 1987 жылғы 12 қыркүйекте Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. 2009 жылы «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» акционерлік қоғамын «Аймақтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Білімі – жоғары.

    Еңбек жолын 2010 жылы Жаңаөзен қаласындағы «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінде оқу бөлімінің хатшысы болып бастаған.

    2010–2011 жылдары аталған оқу орнында оқу-өндірістік тәрбие бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

    2011–2012 жылдары Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімінде жетекші маман, кейін бас маман болып жұмыс істеді.

    2012 жылы «Жансая» қонақ үйінде атқарушы директор қызметін атқарды.

    2012–2013 жылдары Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман болды.

    2013–2017 жылдары Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінде бас маман, кейін бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

    2017–2019 жылдары Қызылсай ауылы әкімінің орынбасары болды.

    2019 жылдың мамыр-шілде айларында Қызылсай ауылы әкімінің міндетін атқарушы қызметін атқарды.

    2019–2023 жылдары Қызылсай ауылының әкімі болып қызмет етті.

    2023 жылдан 2026 жылдың маусым айына дейін Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болды.

    2026 жылғы 22 маусымнан бастап Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келеді.

    Жалпы еңбек өтілі – 16 жыл. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 15 жылдан астам.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері