Худибаев Нұрберген

    Қала әкімінің орынбасары

    Худибаев Нұрберген
    Заместитель акима

    Худибаев Нұрберген

    Қала әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Худибаев Нұрберген 1965 жылғы 29 қарашада дүниеге келген. Жоғары білімді: 1993 жылы Түркмен халық қожалық институтын, 2005 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы - экономист, заңгер.

    Еңбек жолын 1985 жылы бастап, қаржы, салық және мемлекеттік басқару саласында 36 жылдық тәжірибесі бар. Әр жылдары Красноводск қаласында слесарь, ТЭЦ машинисі, мемлекеттік салық инспекторы, Бекдаш поселкесінде бас салық инспекторы, Маңғыстау облысы Қарақия ауданы бойынша бас бақылаушы-ревизор, аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, аудандық және қалалық қаржы комитетінің төрағасы, Түпқараған ауданы бойынша салық басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

    2012-2017 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары, 2018-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

    2020 жылдың 22 шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.

    Мемлекеттік басқару, қаржы, салық және әлеуметтік саясат салаларында тәжірибесі мол.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері