Сатпаева Нурия Букихановна

    "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі"ММ басшысы

    Сатпаева Нурия Букихановна
    Руководитель отдела

    Сатпаева Нурия Букихановна

    "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі"ММ басшысы

    Өмірбаян

    1984 жылы 3 мамырда Қостанай облысы Қарабалық кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары, 2006 жылы әлеуметтану мамандығы бойынша Орталық Азия университетін бітірді, әлеуметтану пәнінің оқытушысы. Қарабалық кентінде тұрады, Қазақстан Республикасының азаматы. Екі бала тәрбиелеп отыр.

    2005 жылдың мамыр айынан 2006 жылдың сәуір айына дейін Қарабалық аудандық "Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы" бөлімшесінде маман болып жұмыс істеді. 2008 жылдың қаңтар айынан 2011 жылдың тамыз айына дейін Абай Құнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебінде психолог болып қызмет атқарды. 2014 жылдың сәуір айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін Рудный қаласы Ішкі істер басқармасының Қашар кенттік полиция бөлімшесі кеңсесінің бас маманы. 2016 жылғы мамырдан 2018 жылғы қыркүйекке дейін Рудный қаласы Ішкі істер басқармасы кеңсесінің бас маманы. 2018 жылдың қазан айынан 2020 жылдың желтоқсан айына дейін "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы. 2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың сәуіріне дейін "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы. 2022 жылғы 7 сәуірден бастап 2026 жылғы 16 сәуірге дейін "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы. 2026 жылғы 17 сәуірден қазіргі уақытқа "Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі"ММ басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері