
Шалданбай Талғат Рахымкұлұлы
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі
Өмірбаян
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі оқытушысы мамандығы бойынша үздік бітірген және 2000 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясында білім алған.
Өзінің дипломатиялық мансабын 1993 жылы ҚР СІМ Консулдық басқармасының референті қызметінен бастады. Одан әрі осы басқармада атташе және кейін үшінші хатшы лауазымында жұмыс істеді. 1996 жылы Сауд Арабиясындағы ҚР Елшілігіне үшінші хатшы ретінде жіберілді.
2000-2002 жылдары ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы болып жұмыс істеді. 2002-2007 жылдары Дубай қаласындағы ҚР Бас консулдығында екінші және бірінші хатшы және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ҚР Елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2007 жылдан 2010 жылға дейін Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінде кеңесші және басқарма басшысы, сондай-ақ ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің Таяу және Орта Шығыс, Африка және Азия басқармасының басшысы қызметін атқарды. Одан кейін Сауд Арабиясындағы ҚР Елшілігіне кеңесші ретінде жұмысқа жіберілді.
2012-2015 жылдары Мысырдағы ҚР Елшілігінде кеңесші-уәкіл лауазымында жұмыс істеді.
2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін СІМ Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің ИЫҰ басқармасын басқарды.
2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Жидда (Сауд Арабиясы) қаласындағы Консулдығының басшысы болды.
2019 жылдан 2022 жылға дейін Жидда қаласындағы ҚР Бас консулы лауазымында қызмет етті.
2022 жылдың тамызынан қазанға дейін ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің Таяу және Орта Шығыс, Африка және Азия басқармасының басшысы болды.
Қазақстанның Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2022 жылдың қазан айынан бастап ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаменті директорының орынбасары болды.
ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.