Мұқашева Мадина Сакенқызы

    ШҚО Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысының орынбасары

    Мұқашева Мадина Сакенқызы
    Заместитель руководителя управления

    Мұқашева Мадина Сакенқызы

    ШҚО Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    1991 жылы Мәскеу Еңбек Қызыл ту ордені институтында «инженер-экономист» мамандығын тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1992 жылы "Сауыр" кәсіпорнының маманы ретінде бастаған. 1993 жылдан бастап Мемлекеттік мүлік жөніндегі ШҚ аймақтық комитетінің бірінші санатты маманы қызметін атқарған. 1999 жылдан бастап «Шығыс Қазақстан облысының Коммуналдық меншік басқармасы" ММ бас маманы, 2000 жылдан бастап инспекторлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, сату бөлімінің жетекші маманы, 2002 жылдан бастап осы бөлімнің бас маманы қызметтерін атқарған. 2005 жылдан бастап "ШҚО Қаржы басқармасы" ММ жекешелендіру және мүліктік жалдау бөлімінің бас маманы, 2009 жылдан бастап осы бөлімнің бастығы қызметтерін атқарған. 2011 жылдан бастап аталған бөлім коммуналдық мүлікке иелік ету бөлімі болып қайта аталып, сол бөлімнің бастығы болып жұмысын жалғастырады. 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ШҚО Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының коммуналдық мүлікке иелік ету бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2018 жылғы 13 қыркүйектен бастап ШҚО Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері