
Хамидуллина Альмира Сайлаймызовна
Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы коммуналдық мүлік бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1986 жылы 26 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. 2008 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін аудармашы мамандығы бойынша, 2010 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдады.
2010-2011 жылдар аралығында «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметкері, тіркеуші, ұйымдастыру-қаржы секторының бас маманы қызметтерін атқарған. 2011-2015 жылдары «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ коммуналдық мүлікті басқару бөлімінің бас маманы, 2015-2020 жылдар аралығында ММ коммуналдық мүлікті басқару бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық мүлік басқармасы». 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының коммуналдық меншікке билік ету бөлімінің басшысы болып тағайындалды.



