Ибраева Айгүл Болатқызы

    Бөлім басшысы

    Ибраева Айгүл Болатқызы
    Руководитель отдела

    Ибраева Айгүл Болатқызы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Білімі – жоғары. Талдықорған сыртқы Заң институтын 1999 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1992 жылы облыстық архивтер мен құжаттамалар басқармасы қорының сақтаушысы болудан бастаған. 1992-2000 жылдар аралығында Қызылорда қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің іс жүргізушісі, жәрдемақы мен зейнетақы төлемі жөніндегі инспекторы қызметтерін атқарған.

    2001-2014 жылдар аралығында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің бөлім бастығы, басқармасының бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

    2014-2025 жылдар аралығында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2025 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шетелдік жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері