
Өмірбаян
Әлібекова Айгүл Әлібекқызы, 1981 жылы 2 қаңтарда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «құқық және экономика негіздері», «жергілікті мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2003 жылы Сырдария ауданы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің даму мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы қызметінен бастаған.
2005-2012 жылдар аралығында Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде маман, жетекші маман, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған,
2012 - 2014 жылдар аралығында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек бөлімінің бас маманы,
2014 - 2015 жылдары басқарманың бюджеттік бағдарламалар бөлімінің бас маманы,
2015 - 2022 жылдары басқарманың бюджеттік бағдарламалар бөлімінің басшысы,
2022 жылдан осы кезге дейін басқарманың әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келеді.





