
Досқаливеа Жаннат Закиқызы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
1980 жылы 22 қыркүйекте Атырау қаласында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» және Еуразия академиясын «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
2001-2006 жылдары – Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
2006-2012 жылдары – Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, бас маманы;
2012 жылы – Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен және жастармен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі;
2012-2016 жылдары – Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы;
2016-2018 жылдары – Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
2018-2020 жылдары – Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
2021-2026 жылдары – Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметтерін атқарды.
2026 жылдың қазан айынан бастап Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.