
Оспанкұлов Ғабидолла Абдуллаұлы
Қазақстан Республикасының Хьюстон қаласындағы (АҚШ) Бас консулы
Өмірбаян
1981 жылғы 13 шілдеде Түркістан облысында дүниеге келген.
2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін, 2016 жылы Бирмингем университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын тəмамдаған.
2002–2010 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінде түрлі қызметтер атқарған.
2010–2019 жылдары Экибастұз қаласы жəне Батыс Қазақстан облысы əкімдерінің орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2019 жылы «Nur Otan» партиясының хатшысы болған. 2019–2020 жылдары Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған.
2021–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігінде Мемлекеттік инспектор, Мемлекеттік бақылау жəне ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары жəне бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2023–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары жəне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасының Хьюстон қаласындағы Бас консулы болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
Ағылшын тілін меңгерген.
