
Ғазизов Қуаныш Серікұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Ғазизов Қуаныш Серікұлы 1988 жылғы 21 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Алқатерек ауылында дүниеге келген.
2012 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы Щучинск қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ш. Уәлиханов атындағы Кадет корпусына оқуға түсуден бастаған.
2007 жылғы қазаннан 2008 жылға дейін Астана қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Аэроұтқыр әскерлерінің 68665 әскери бөлімінде әскери қызмет атқарған.
2010 жылдан 2019 жылға дейін Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген.
2019 жылғы қыркүйек пен қазан айлары аралығында Зеренді ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы міндетін атқарған.
2019 жылғы қазаннан 2020 жылғы ақпанға дейін Зеренді ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2020 жылғы ақпаннан сәуірге дейін Көкшетау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
2020 жылғы сәуірден 2021 жылғы тамызға дейін Көкшетау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарған.
2021 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы наурызға дейін Көкшетау қаласы әкімінің аппаратының бас инспекторы болған.
2023 жылғы наурыздан желтоқсанға дейін Көкшетау қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2023 жылғы желтоқсаннан 2024 жылғы наурызға дейін «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы болған.
2024 жылғы сәуірден шілдеге дейін «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2024 жылғы шілдеден 2025 жылғы қаңтарға дейін «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2025 жылғы 5 қаңтардан 15 маусымға дейін «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болған.
2025 жылғы 16 маусымнан 2026 жылғы 30 қазанға дейін «Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарған.
2026 жылғы 2 қарашадан бастап «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.
