
Әбіләкім Аслан Нұрланұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Әбіләкімов Аслан 1995 жылы дүниеге келген.
2019 жылы Әлемдік экономика және қаржы институтын «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде менеджер қызметінен бастаған.
Әр жылдары Алматы облысының қаржы басқармасы мемлекеттік мекемесінде хатшы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Алматы облысының Статистика департаментіне қарасты Талдықорған қаласындағы ДСАО өкілдігінде жетекші маман, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Алматы облысының Статистика департаментіне қарасты Талдықорған қаласының статистика басқармасында жетекші маман, Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жер қойнауын пайдалану саласын дамыту бөлімінде бас маман қызметтерін атқарған.
2026 жылғы 21 қазаннан бастап Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жиынтық талдау және инвестициялар бөлімінің басшысы міндетін атқарушы болып тағайындалды.
