Жаңбырбаев Азамат Заманбекұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Жанбырбаев Азамат 1992 жылы дүниеге келген.

    2015 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2015 жылы «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалының хат-хабарларды тарату және жөнелту учаскесінің операторы қызметінен бастаған.

    Әр жылдары Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есеп және қаржыландыру бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроазық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті Ішкі сауда басқармасының сарапшысы, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қаржы департаментінің менеджері қызметтерін атқарған.

    2025 жылғы 14 қазаннан бастап Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының сауданы дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері