Құрметов Нұрай Нұрланұлы

    Аким

    Өмірбаян

    Құрметов Нұрай Нұрланұлы 2001 жылы 23 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Балғын ауылында дүниеге келген.

    Өз кәсіби қызмет жолын 2019 жылғы 4 қазанда "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі ұжымында ассистент қызметінен батады.

    2020 жылғы 11 мамырда ол маман лауазымына тағайындалды. 2023 жылғы 30 маусымда "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы" мекемесінің таратылуына байланысты оның еңюек шарты тоқтатылды.

    2023 жылғы 1 шілдеде "Шығыс Қазақстан облысының Еңбек мобильдігі орталығы" Шығыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қарамағындағы құрылымына кіретін "Катонқарағай аудандық мансап орталығына" маман болып жұмысқа қабылданды.

    2024 жылғы 11 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты "Шығыс Қазақстан облыстық еңбек ұтқырлығы орталығының" "Үлкен Нарын аудандық мансап орталығы" филиалына маман қызметіне ауыстырылды.

    2024 жылғы 18 қыркүйекте бөлім басшысы қызметіне ауыстырылды.

    2025 жылғы 5 қаңтарда Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі маман қызметіне ауыстырылды.

    2025жылғы 2 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына "Шығыс Қазақстан облыстық еңбек ұтқырлығы орталығының" "Үлкен Нарын аудандық мансап орталығы" филиалының директоры қызметіне тағайындалды.

    2026 жылғы 20 сәуірде өз еркімен қызметінен босатылды.

    2026 жылғы 19 мамырда "Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық" бөлімінде бас маман міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.

    2026 жылғы 19 шілдеде Үлкен Нарын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес бқрынғы қызметінен босатылып, Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Алтынбел ауылдық округінің әкімі ретінде тіркелді.

    2026 жылғы 19 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Алтынбел ауылдық округінің әкімі қызметін атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері