Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Алтынбел ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Өз құзіреті шегінде шешімдер мен өкімдер қабылдайды, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне нұсқаулар мен тапсырмалар береді;

    азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

    салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

    азаматтар мен заңды тұлғалардың ҚР Конституциясы мен заңдарының, ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

    өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша ҚР заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

    мүгедектерге көмек көрсетеді, қоғамдық жұмыстары, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

    шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

    жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

    елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

    аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдың, ауылдық округтің авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар