Махамбетжанов Бақай Тоғысұлы

    Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары

    Махамбетжанов Бақай Тоғысұлы
    Прокурор орынбасары

    Махамбетжанов Бақай Тоғысұлы

    Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары

    Өмірбаян

    Махамбетжанов Бақай Тоғысұлы 1992 жылғы 2 сәуірде Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген.

    2011 жылы Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжін, 2014 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, 2015 жылы «Тұран-Астана» университетін «Құқықтану, заңтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2016 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданы прокуратурасының прокуроры қызметінен бастаған.

    Әр жылдары прокурор, аға прокурор, Қызылорда қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің бастығы, Қызылорда облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры, Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі, сондай-ақ мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының аға прокуроры қызметтерін атқарған.

    2022–2024 жылдары Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

    2024–2026 жылдары Қызылорда облысының прокуратурасында мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының аға прокуроры қызметін атқарған.

    2026 жылғы 23 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарып келеді.

    Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 10 жылдан астам.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері