
Жүсіпбеков Бағдат Садықбекұлы
Жаңақорған прокурорының орынбасары
Өмірбаян
Жүсіпбеков Бағдат Садықбекұлы 1992 жылғы 1 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Шалқия кентінде дүниеге келген.
2010–2014 жылдары Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы Астана қаласы Полиция департаменті Алматы ауданының полиция басқармасында тергеуші қызметінен бастаған.
Әр жылдары ішкі істер органдарында тергеуші, анықтаушы, Байқоңыр қаласы прокуратурасында аға прокурор, Жаңақорған ауданы прокуратурасында аға прокурор, сондай-ақ Қызылорда облысының прокуратурасында Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры және аға прокуроры қызметтерін атқарған.
2020–2025 жылдары Қызылорда облысының прокуратурасында Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры және аға прокуроры қызметтерін атқарған.
2025 жылғы 9 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Жаңақорған ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 9 жылдан астам.





