Ниязов Ғалымжан Мұқырұлы

    Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

    Ниязов Ғалымжан Мұқырұлы
    Әкімінің орынбасары

    Ниязов Ғалымжан Мұқырұлы

    Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    1973 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кентінде дүниеге келген.

    Білімі

    2000 жыл — Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті.
    Мамандығы: «Полиграфиялық машиналар және автоматтандырылған кешендер».

    2008 жыл — Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті.
    Мамандығы: «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс және қалалық шаруашылық».

    17.09.1990 – 20.08.1991
    Шевченко қаласы, Шевченко автомобиль көлігі паркінің №1 учаскесінде автослесарь көмекшісі, 1-разрядты слесарь.

    20.08.1991 – 30.10.1991
    Шевченко қаласы, Шевченко автомобиль көлігі паркінің №1 учаскесінде 3-сыныпты автокөлік жүргізушісі.

    01.11.1991 – 03.08.1992
    Шевченко қаласы, «Таган-БМ» шағын кәсіпорнында ұлутасты өндіру шебері.

    10.08.1992 – 20.01.1993
    Шевченко қаласы, «Таган-БМ» шағын кәсіпорнында автокөлікті жөндеу жөніндегі механик.

    22.01.1993 – 05.04.1994
    Шевченко қаласы, Шевченко қалалық такси паркінің 3-сыныпты жүргізушісі.

    06.04.1994 – 07.06.1994
    Шевченко қаласы, «Тұран» шағын кәсіпорнының жүргізушісі.

    15.06.1994 – 17.08.1996
    Павлодар қаласы, «Тұранмұнайгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары.

    20.09.1996 – 25.02.1998
    Алматы қаласы, «Онды» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

    05.03.1998 – 01.02.2000
    Алматы қаласы, «Шебер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары.

    03.02.2000 – 08.07.2002
    Алматы қаласы, «Гранд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры.

    15.07.2002 – 15.08.2002
    Ақтау қаласы, «Құрылысконсалтинг Ұлттық орталығы» жабық акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының өндіріс және коммерция жөніндегі менеджері.

    15.08.2002 – 01.02.2005
    Ақтау қаласы, «Құрылысконсалтинг Ұлттық орталығы» ашық акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының өндіріс және коммерция жөніндегі менеджері.

    01.02.2005 – 26.04.2006
    Ақтау қаласы, «Құрылысконсалтинг Ұлттық орталығы» ашық акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының аудит және лицензиялық құжаттарды сараптау бөлімінің жетекші маманы.

    01.06.2006 – 12.03.2007
    Ақтау қаласы, Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының іс жүргізуші-мұрағатшысы.

    12.03.2007 – 01.04.2008
    Ақтау қаласы, Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының лицензиялау бөлімінің бас маманы міндетін уақытша атқарушы.

    01.04.2008 – 04.05.2008
    Ақтау қаласы, Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының лицензиялау бөлімінің бас маманы.

    04.05.2008 – 14.07.2008
    Ақтау қаласы, Маңғыстау облысының құрылыс басқармасының бас маманы.

    14.07.2008 – 11.05.2010
    Ақтау қаласы, Маңғыстау облысының құрылыс басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы.

    11.05.2010 – 30.01.2012
    Ақтау қаласы, Маңғыстау облысының құрылыс басқармасы бастығының орынбасары.

    20.02.2013 – 13.03.2013
    Қызылорда қаласы, Қызылорда облысының құрылыс басқармасы құрылыс бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы.

    13.03.2013 – 18.03.2013
    Қызылорда қаласы, Қызылорда облысының құрылыс басқармасы құрылыс бөлімінің басшысы.

    18.03.2013 – 07.04.2014
    Қызылорда қаласы, Қызылорда облысының құрылыс басқармасы бастығының орынбасары.

    07.04.2014 – 16.06.2014
    Қызылорда қаласы, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасын құру кезеңіндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы.

    16.06.2014 – 07.08.2014
    Қызылорда қаласы, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

    07.08.2015 – 22.02.2016
    Қызылорда қаласы, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.

    22.02.2016 – 14.03.2016
    Астана қаласы, «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сатып алу бөлімінің бастығы (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі).

    14.03.2016 – 30.12.2016
    Астана қаласы, «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі).

    30.12.2016 – 14.02.2017
    Астана қаласы, «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу департаментінің директоры (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі).

    27.03.2017 – 22.11.2017
    Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі.

    23.11.2017 – 25.06.2020
    Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы Ақтау қаласының әкімі.

    26.06.2020 – 15.09.2022
    Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

    16.09.2022 – 23.09.2026
    Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Маңғыстау ауданының әкімі.

    24.09.2026 – қазіргі уақытқа дейін
    Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері