
Өмірбаян
Ержан Ерболұлы Ертаев 1985 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Инновациялық Еуразия университетін, Анхальт қолданбалы ғылымдар университетін бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы жеке құрылымда электр механигі болып бастаған.
2009–2013 жылдары — Павлодар облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының Энергетика бөлімінің жетекші маманы, бас маманы.
2013–2014 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті басқармасының бас сарапшысы, басшысы.
2015–2018 жылдары — ҚР Энергетика министрлігінің Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша аумақтық департаменттерінің басшысы.
2018–2020 жылдары — ҚР Энергетика министрлігі комитеті төрағасының орынбасары.
2020–2021 жылдары — Павлодар облысы Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы.
2021–2022 жылдары — «Самұрық-энерго» басқарма төрағасы аппаратының басшысы.
2022–2023 жылдары — «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бас директоры.
2023–2024 жылдары — ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
2024 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.





