
Есіркеп Дулат Рүстембекұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Есіркеп Дулат Рустембекұлы 1994 жылы Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2017 жылы Астана қаласында М.С. Нарікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті АҚ (MNU) «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2018 жылы Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде құқық магистрі дәрежесін алған. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін «Мемлекеттік саясат» (MPP – Master of Public Policy) мамандығы бойынша тәмамдап, магистр дәрежесін алған.
2016 жылы Астана қаласындағы «Сембол улусларарасы ятырым тарым пейзаж иншаат туризм санайи ве тиджарет аноним ширкети» АҚ-да жабдықтау агенті лауазымынан бастаған.
2017 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданындағы «Құрылысшы» ЖШС-де заңгер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман болып жұмыс істеген.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау басқармасына жетекші маман міндетін атқарушы ретінде қабылданып, кейін жетекші маман қызметіне тағайындалған.
2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау басқармасында жетекші маман болған.
2019–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау басқармасында бас маман қызметін атқарған.
2024–2025 жылдары Шымкент қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің инспекторлық жұмыс бөлімінде бас инспектор лауазымында қызмет еткен.
2025–2026 жылдары Шымкент қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің қоғамдық-саяси саланы мониторингтеу бөлімінде бас инспектор лауазымында жұмыс істеген.
2026 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары.





