
Өмірбаян
Назарбек Сержан Сәрсенбекұлы - 1986 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде, Германия Федеративтік Республикасындағы Билефельд университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алған. «Қоғамдық денсаулық» мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы ғылым магистрі және «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша «бизнес және менеджмент» магистрі. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік және неміс тілдерін меңгерген.
Еңбек жолын: «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ ғылым және білім департаментінің бас менеджері болып бастаған.
2016-2018 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық орталықтарында корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жобалармен жұмыс істеген.
2018 жылы Швейцарияның Женева қаласындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Штаб-пәтері базасында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі;
2018 - 2019 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы" ШЖҚ РМК Басқарушы директоры;
2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК директорының орынбасары;
2020 – 2021 жылдары Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Ұлттық қызметкері;
2021 – 2024 жылдары "Sapaly med Qyzmet сервистік қызметтер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы болған.
2025 жылдың 26 мамырынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы.


