
Ұзақбай Дана Ұзақбайқызы
Іле ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Дана Ұзақбайқызы 1998 жылғы 15 маусымда Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген.
2019 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдап, экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алған.
2023 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің магистратурасын «Тарих педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша аяқтаған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2022 жылғы мамыр айында «Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жетекші маманның міндетін атқарушы қызметінен бастаған.
2022 жылғы тамыздан қарашаға дейін — «Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы.
2022 жылғы қарашадан 2024 жылғы сәуірге дейін — «Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы мамырға дейін — «Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы.
2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы тамызға дейін — «Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы.
2026 жылғы 14 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы қызметін атқарады.



