
Жаппасбаев Арман Серікұлы
Заместитель прокурора города Байконыр
Өмірбаян
Жаппасбаев Арман Серікұлы 1989 жылғы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.
2006–2010 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2011 жылы Шиелі ауданы прокуратурасының прокуроры қызметінен бастаған.
Әр жылдары Шиелі ауданы прокуратурасында прокурор, аға прокурор, сондай-ақ Қызылорда облысының прокуратурасында басқарма прокуроры, аға прокурор қызметтерін атқарған.
2016–2025 жылдары Қызылорда облысының прокуратурасында басқарма прокуроры және аға прокурор қызметтерін атқарған.
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Байқоңыр қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 15 жылдан астам.





